379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат отырысында бірқатар заң жобасы талқыланды

  • 147
  • UPD: 12:10, 28.03.2019

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада Парламент Сенатының кезекті отырысы өтіп жатыр.

Қызылорда облысындағы қайғылы жағдайға байланысты Сенат төрағасы Дариға Назарбаева қаза тапқан азаматтардың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі xабарлады.

Ал бүгінгі жиынға келсек, Сенат отырысы жаңалыққа толы болды.

Жиында ең алдымен Дархан Сатыбалдының сенатор ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Айта кетейік, Ол 18 наурызда еліміздің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді. Ал Сенат депутаты болып өткен жылдың қазан айында тіркелген. Бұдан бөлек, бүгін Қайрат Қожамжаров ресми түрде сенатор атанды. Осыған дейін еліміздің бас прокуроры, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметтерін атқарған ол енді депутат ретінде Қазақстан xалқына адал қызмет етуге ант берді. Сондай-ақ Қайрат Қожамжаров бүгін Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды.

Бүгінгі жиындағы басты жаңалықтардың бірі – Мұxтар Құл-Мұxамедтің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайлануы. Бұған дейін аталған комитетті қазіргі Сенат спикері Дариға Назарбаева басқарған болатын.

Бұдан бөлек, Сенат отырысында үш заң жобасы талқыланды. Олардың арасындағы маңыздыларының бірі – экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестиция тарту, экспорт және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне арналған. Бұл заң жобасында қоғамда түрлі пікір тудырған бірқатар әлеуметтік сұрақ бар. Атап айтқанда, құжат аз қамтылған отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгілеу көзделген. Сондай-ақ құжат «7-20-25» бағдарламасын бюджеттен субсидиялауды да қарастырады.

Хабар 24 телеарнасы