379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды өңірінде су тасқынына қарсы қандай шаралар жүргізілуде?

  • 140
  • UPD: 12:11, 28.03.2019

Синоптиктердің айтуынша, сәуір айының басында Қарағанды өңірінде күн күрт жылып, жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан төтенше жағдай қызметі тасқынның алдын алуға барынша қамданып жатыр. Айнұр облыс аумағына жауған қардың қанша пайызы еріді және күн күрт жылынып, қардың суы еріген жағдайда қандай қауіпсіздік шаралары қолданылмақ?

Айнұр Әбдиева, тілші:

– Мамандардың айтуынша, облыс аумағына жауған қардың 40 пайызы қазір еріп кеткен. Бірақ кей аудандарда дала әлі де ақ мамыққа оранып жатыр. Осакаров және Нұра аудандарында 60% қар қалды. Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарындағы төрт өзенде мұз жарылды. Сонымен қатар өткен аптада Осакаров және Нұра аудандарында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, Қарағанды облысында су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Барлық су өткізу құбырлары мен көпірлер тазаланды. Негізгі су қоймаларында су ағызу жалғастырылуда, барлық гидробекеттер қатаң бақылауда.

Айнұр Әбдиева, тілші:

– Биыл аймақтың кейбір өңірлеріне қар жылдағыдан 80 процентке көп түскен. Мамандардың айтуынша, алдағы екі-үш күнде қар күрт еріп, өзендердің ағысы күшейеді. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері жағаға жақын орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін жіті назарда ұстап отыр. Қазір өңірлерде 7 мың адам жасақталып, 2500-ге жуық техника сақадай сай тұр.

Хабар 24 телеарнасы