378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева тікұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

  • 143
  • UPD: 11:43, 28.03.2019
Дариға Назарбаева тікұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты DailyNews.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Қорғаныс министрлігі тікұшағының Қызылорда облысында апатқа ұшырауынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

«Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әскери борышын адал атқара жүріп қаза тапқандардың аты жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген Д.Назарбаеваның жеделхатында.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігі тікұшағы апатқа ұшыраған болатын.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарына сәйкес, оның бортында 13 адам болған.

13 әскери қызметшінің барлығы қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы