379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық полицейлер алғашқы медициналық көмек беруге дайын

  • 146
Қызылордалық полицейлер алғашқы медициналық көмек беруге дайын

Қызылордалық полицейлер алғашқы медициналық көмек берудің қыр-сырын үйрену үшін арнайы оқу курстарынан өтті.

Ол үшін облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы арнайы оқу клиникаларындағы мамандардың көмегіне жүгінген. Осылайша патрульдік полицияның 400 қызметкері адамдардың жарақат алу кезіндегі шұғыл жағдайлардағы тиімді әрекеттерді меңгергені жөніндегі сертификатқа ие болып отыр. Сондай-ақ патрульдік полиция көліктері де арнайы медициналық қобдишалармен жабдықталды. Онда 22 түрлі алғашқы медициналық көмекке қажетті құралдар мен дәрі-дәрмектер жинақталған.

Бауыржан Ыбыраев, облыстық полиция департаментінің ЖПҚБ бастығы:

– Дүниежүзілік медицинада алтын уақыт деген ұғым бар. Бұл – зардап шегушілерге алғашқы 15 минут ішінде көмек көрсету арқылы өмірін сақтау. Осыған орай патрульдік полиция қызметкерлеріне жол көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары оқытылып, сертификаттар табысталған.

Хабар 24 телеарнасы