379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғат Мұсабаев Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына байланысты пікір білдірді

  • 272
  • UPD: 13:34, 28.03.2019

Парламент Сенатының депутаты, ғарышкер Талғат Мұсабаев Қызылорда облысында құлаған тікұшаққа қатысты пікір білдірді.

Ол апаттың басты себептерінің бірі ретінде ауа райының қолайсыздығын атады. Авиация генерал-лейтенантының айтуынша, әуе экипажы қолдан келгеннің барлығын жасауға тырысқан.  

Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ғарышкер:

– Қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Мұндай метео-жағдайда ұшу өте ауыр. Оны мен ұшқыш ретінде жақсы түсінемін. Бұл жағдайда барлығы тек экипаждың қолында деп айта алмаймыз. Ал МИ-8 тікұшағына келсек, бұл – жаңа техниканың бірі. Қазір апаттың нақты неден болғанын мамандардан құралған комиссия анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы