389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апаты: Іздестіру жұмыстары жалғасуда

  • 999
  • UPD: 13:35, 28.03.2019

Қызылорда облысындағы апат орнында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Жақыпбек, тілші:

– Біз оқиға орнынан қолда бар ақпараттармен бөліссек. Расында əзірге нақты бір мəлімет айту қиын. Дегенмен облыстық денсаулық сақтау басқармасының мəліметі бойынша кеше түнге дейін 4 мəйіт табылып, облыстық мəйітханаға жеткізілді. Іздестіру шараларын сырттай бақылап тұрмыз. Жаңа ғана Шіркейлі су арнасының екінші жағалауында іздестіру жұмыстары қарқын алды. Жалпы тікұшақта 13 адам болған деген мəлімет бар. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова тікұшақ апатына қатысты деректерді Қорғаныс министрлігі жариялайтынын айтты. Біз құлаған тікұшаққа да жақындай алмадық. Өйткені апат орнын мамандар əлі де қарап жатыр. Тікұшақ Шіркейлі каналының дəл жанына құлаған. Бұл маңды қалың қамыс пен шеңгел жайлаған. Техникалардың да арлы-берлі нөпірі уақыт өткен сайын көбеюде. Бірер сағат бұрын криминалистикалық зертхана көлігі келді. Сонымен қатар айналаны шолу жұмыстары əлі де жалғасуда.

Айта кетейік, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан алған мəлімет бойынша кешелі бері оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 28 адам, 7 техника, əскери бөлімнен 5 техника, 54 əскери қызметкер, жұмылдыру дайындығы басқармасынан 9 адам, 3 техника жəне аудан əкімдігі мен облыстық полиция департаментінен де күш-құрылымдар жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы