377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көктемгі су тасқынына дайындық шаралары күшейді

  • 151
Елордада көктемгі су тасқынына дайындық шаралары күшейді

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов және Ішкі істер министрінің орынбасары төтеншеліктермен бірлесіп қызыл су басу қаупі бар аумақтарды тікұшақпен бақылап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерді және Ақмола облысы мен Қарағанды облысын аралап, ондағы су қоймаларын тексерді. Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы Нұр-Сұлтан қаласында су басу қаупі бар 34 учаскі анықталғанын айтады. Олар алда-жалда апат бола қалса, қауіпті сейілтуге дайынбыз дейді. Осы күні 600-ден аса маман пен 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіру жұмыстары да пысықталыпты.

Марғұлан Аманбаев, қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы:

– Айналып ұшу барысында Майбалық көлі, Вячеславка су қоймасы, сондай-ақ Қарағанды және Ақмола облысы елді мекендеріндегі қар және ылғал қорының ауқымын анықтадық.

Хабар 24 телеарнасы