377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысының оңтүстігінде су тасып жатыр

  • 160
Қостанай облысының оңтүстігінде су тасып жатыр

Қостанай облысының оңтүстігінде су таси бастады.

Мұндай мәліметті аймақты тікұшақпен аралап қайтқан мамандар таратып отыр. Ұлытаудан құлаған тасқын су Амангелді ауданының шегіне жеткен. Ал көршілес жатқан Жангелдин ауданы аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстары қолға алынбақ. Қауіптің алдын алу шаралары бұған дейін Қарасу, Әйет өзендерінде жүргізілді. Қазіргі сәтке дейін 50 мың текше метр көлемдегі сең сөгілді. Ал 8 сәуірден бастап Ресейден өңірге 250 млн текше метр су жіберіледі деп жоспарланған. Тасқын қаупі сол кезде күшейе түспек.

Талғат Кәкімов, облыстық ТЖД басшысы:

– Амангелді, Арқалық, Жанкелдин аудандарында қар еріп өзендерге түсіп жатыр. Сырттан Ұлытаудан келетін су. Соны әлі тосып отырмыз. Штаб жұмыс істеп жатыр тәулік бойы. Былтырғы өзімізде су тасқыны болған жерлер, алдыңғы болған жерлер жіті қадағалауға алынған.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы