379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

  • 359
  • UPD: 15:28, 28.03.2019

Қызылорда облысында тікұшақ апатынана қаза тапқан әскерилердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі.

Тікұшақ апатынан өмірі қиылған 13 азаматтың 8-і – Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінде отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген Алматы облысының тумалары. Олар – майор Тимур Құдайбердиев, 3-санатты сержант Қайрат Нуспанов, аға сержант Мұрат Шарипов, кіші сержант Асхат Абдулманат, ефрейтор Мирас Жұматаев пен Қуаныш Сарқытбаев, Айдын Әбілдинов және лейтенант Аслан Айтбаевтар. Алматы облыстық әкімдігі мен Талдықорған әскери гарнизонындағылар қаза болғандардың үйлерін аралап, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты. 

Бекболат Жұмабаев, Талдықорғандағы 21751 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Қаза тапқан әскерилердің біразы бұрын Талдықорған әуе базасында бізбен бірге қызмет етіп, осы жылдың қаңтар айында Ақтауға ауысқан еді. Олардың отбасына Қорғаныс министрлігі тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. 5 жылдық жалақысын төлеп, үйлерін жекешелендіріп береді.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

– Алматы облыстық әкімдігі марқұм сарбаздардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Әкімдік тарапынан оларды жерлеу бойынша көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар материалдық көмек қарастырып жатырмыз. Алматы облысынан 8 адам қайтыс болды. Оның ішінде Талдықорған, сонымен қатар Талғар, Іле, Алакөл, Кербұлақ аудандарының тумалары бар.

Хабар 24 телеарнасы