384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Сенатының отырысында бірқатар заң жобасы қабылданды

  • 771
  • UPD: 16:56, 28.03.2019
Парламент Сенатының отырысында бірқатар заң жобасы қабылданды

Олардың арасында қоғамда дау тудырған әлеуметтік мәселелерді қамтитын құжаттар да бар.

Атап айтқанда, Экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыруға арналған заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қабылдады. Айта кетейік, құжат аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға арналған ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгілеуді көздейді. Сондай-ақ мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған жәрдемақыны көбейтуді қарастырады. Бұдан бөлек педагог, дәрігер, полиция қызметкерлері және өзге де мамандар үшін «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын жергілікті бюджеттен субсидиялау енгізілмек.

Хабар 24 телеарнасы