379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңгеден беріледі

  • 188
  • UPD: 17:47, 28.03.2019
Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңгеден беріледі

Маңғыстау облысының әкімдігі Қызылордада тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына миллион теңгеден береді.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтаудан Шымкентке бағыт алған тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болған майор Костыгов Роман Петровичтің отбасына көңіл айтқаны хабарланды. Қаза болған 13 адамның 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінің қызметкерлері.

«Қайғылы оқиғада қаза тапқан Маңғыстаудағы 30153 әскери бөлімінде әскери міндетін атқарған əрбір отбасыға облыс әкімдігі атынан 1 миллион теңге көлемінде материалды көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Хабар 24 телеарнасы