376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ құлаған аумақта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

  • 170
  • UPD: 18:05, 28.03.2019
Тікұшақ құлаған аумақта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Қызылорда облысында тікұшақ құлаған аумақтан тағы бірнеше мәйіт табылды деген ақпарат бар.

Дегенмен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі нақты әрі жан-жақты мәліметті қорғаныс министрлігі береді деп отыр. Әзірге 4 адамның мүрдесі облыстық мəйітханаға жеткізілген. Қорғаныс министрлігінің әскери тікұшағы құлаған Жалағаш ауданындағы Шіркейлі каналының қамыс пен шеңгел жайлаған қос жағалауында іздестіру шаралары жүріп жатыр. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы мамандарының айтуынша, кешелі бері әскери тікұшақ құлаған жерге құтқарушылардан бөлек сарбаздар, полиция із кесушілері және жергілікті әкімдік қызметкерлері жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы