389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік БАҚ өкілдері елорда атауының ауыстырылуы туралы пікір айтты

  • 530
  • UPD: 22:26, 28.03.2019

Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруі оң шешім. Ең бастысы, Қазақстанның бас шаһары қарқынды дамып келеді.

Шетелдік меймандар осылай деді. Олардың қатарында Қырғызстан және тәжік басылымдарының өкілдері де бар.

Лейла Саралаева, «Новые лица» газетінің бас редакторы /Қырғызстан/:

- Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың негізін қалады. Сондықтан Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту шешімі өте орынды. Ең бастысы бас шаһарларыңыз көз алдымызда дамып, өркендеп келеді.

Муним Оламов, «Имруз-News» газетінің бас директоры /Тәжікстан/:

- Біз Наурыз мерекесіне дайындалып жатқанда қазақ еліндегі саяси өзгеріс туралы естідік. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтату туралы жариялағаны біз үшін күтпеген жаңалық болды. Тұңғыш президенттің елді өркендету жолындағы еңбегі ерен. Сондықтан да Астананың Нұр-Сұлтан деп өзгертілгені дұрыс шешім деп ойлаймын. Қазақстан мен Тәжікстан бауырлас елдер, экономикалық қарым-қатынасымыз да жыл өткен сайын нығайып келеді. Сіздердегі бұндай жаңалықтарды біз әрқашанда жылы қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы