379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сұлтанов цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

  • 178
  • UPD: 22:32, 28.03.2019

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірқатар нысанды аралады.

Олар әуелі цифрлық қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Аталған нысан заманауи технологиялармен жабдықталған. «Астана - адалдық алаңы» жобасы бойынша былтыр қаладағы мемлекеттік қызметкерлер дәл осы орталықта цифрлық сауаттылықтарын артырыпты. Жаңа жүйемен танысқан қала әкімі мен агенттік төрағасы кейін Сарыарқа аудандық сотына барды. Мұнда фронт-кеңсе ашылған. Ғимаратқа арнайы терминалдар орнатылыпты. Оның көмегімен арыз-талабы барлар электронды кезек арқылы мамандарға жүгіне алады. Барлық қызмет бір терезе қағидаты бойынша жүргізіледі. Агенттік өкілдерінің айтуынша, электронды жүйені қолданудың арқасында бірқатар салада жемқорлық деректері күрт сиреген. 

Жазира Жылқышиева, қалалық мқі және сжқі агенттігінің департамент басшысы:

-  Цифрландыру процесі бойынша уәкілетті органдар да, барлық мемлекеттік органдар да өздерінің жобасын жасап жатыр. Біздің мақсатымыз осы жоба арқылы тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жою.

Хабар 24 телеарнасы