379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да туберкулезге шалдығу дерегі азайған

  • 225
  • UPD: 22:57, 28.03.2019

Батыс Қазақстан облысында соңғы 3 жылда туберкулезге шалдыққандар қатары күрт кеміген. Ал осы дерттен көз жұмғандар саны 8 есеге азайыпты.

Бұл ауруды ерте анықтау және емдік дәрі-дәрмектердің жаңа түрлерін қолдаудың нәтижесі,-дейді мамандар. Сонымен қатар  емдеу нысандарында әрбір сырқатпен жеке жүргізілетін жұмыс та өз жемісін бере бастаған.  

Туберкулезге қарсы диспансерлердің бактериологиялық зертханаларында қазір ауруды ерте және дәл анықтауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер қолданылады. Нәтижесінде дерттің асқыну деңгейі бірнеше сағатта анықталады. Бұрын оған кемі 1 ай уақыт жұмсалатын. Бұдан бөлек емдеу мерзімі 2 жылдан тоғыз айға дейін қысқарып отыр.   

Арман Мұсағалиев, қала тұрғыны:

- Салқын тигізіп алдым жұмыста өкпеме. Жақсы емделіп дәрі ішіп жатырмын. Емделіп жатырмын, қазір жағдайым жақсы. Температурамен түстім түскенде. Қазір температурам кетіп, жақсы қарап жатыр.

Сағынтай Жұрғалиев, хирург:

 - 2018 жылы 18 жоғары технологиялық операция жасалды. Және де осы хирургия бөлімінде өкпенің жабық түріне фибриоздық каверноздық туберкулез дейміз, туберкулема дейміз, өкпеге су жиналған плеврит кезігдегі диагностикалар хирургия бөлімінде оперативті түрде емделіп оң нәтижелерін берді науқастарға.

Дәрігерлер жоғары технологиялық эндоскопиялық операцияларды да өздері жасай бастады. Ауруды анықтауда ультрадыбыстық зерттеу әдісінің көмегі зор. Өкпедегі кез-келген ақауды дәл анықтауға мүмкіндік беретін бұл аппарат былтыр сатып алынды.

Ардақ Ерғалиева,  туберкулезге қарсы диспансердің зертхана меңгерушісі:

- туберкулезді анықтаудың озық тәсілі қолданылуда. Ол дегеніміз дженэкспорт аппаратының орнатылуы. Осы аппарат арқылы туберкулез таяқшаларын 2 сағаттың ішінде анықтап және осы  туберкулез ауруына қарсы тукулез таяқшаларының дәріге төзімділігін 2 сағатта анықтап береміз. Бұрын дәріге төзімділікті анықтауды аурулар 1 ай бойы күтетін.   

Осыдан 10 жыл бұрын аймақта дертке шалдыққан мыңға тарта науқас тіркелсе, былтыр небары 300 адамнан ауру белгілері анықталыпты. Дегенмен, туберкулезге ауылдан қалаға келіп тұрып жатқан адамдардың көбірек шалдығуы мамандарды алаңдатып отыр.       

Татьяна Новокрещенова, туберкулезге қарсы диспансердің бөлім меңгерушісі:

- Олар аудандық емханаларда тіркелгенімен қалаға келіп пәтер жалдап тұрады. Сондықтан, бұл тұрғындарды емханалар туберкулез бен өзге де ауларды анықтау бойынша жүргізілетін скрининг жоспарларына енгізбейді. Өкініштісі, тегін медициналық қызмет алуы тиіс мұндай адамдардың саны өте көп.   

Туберкулезді анықтау мен емдеу мемлекеттік медицина мекемелерінде тегін жүргізіледі. Ол үшін азаматтар өз емханаларына тіркеліп, тексерістен өтіп тұрулары тиіс,- дейді мамандар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы