379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық тілшілер халықаралық байқауда бақ сынай алады

  • 196
Қазақстандық тілшілер халықаралық байқауда бақ сынай алады

Қазақстандық тілшілер өз бағын кезекті халықаралық байқауда сынай алады. Өйткені журналистерге арналған «Еуроодақ-Қазақстан: Медиа әріптестікті нығайту» атты конкурстың екінші маусымы басталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз материалдарын 25 сәуірге дейін тапсыру мүмкіндігіне ие. Байқау талаптарына сәйкес, жұмыстар кез келген тақырыпта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде болуы керек. Материал форматына да шектеу жоқ. Бейнесюжет, айдар, журналистік зерттеу, арнайы бағдарлама, мақала түрінде де қабылдана береді. Ал 10 мамырда білікті мамандардан құралған қазылар алқасы үздік 6 тілшіні анықтап, Брюссель мен Бішкек қалаларына апталық тағылымдамадан өтуге жолдама береді. Айта кетейік, қосымша ақпарат алу үшін елордаға 757-879 және 974-567 номеріне қоңырау шалуға болады. Немесе www.jotform.com электрондық мекен-жайы арқылы анкета толтыра алады.

Эльнара Байназарова, Еуроодақтың Қазақстандағы уәкілдігінің баспасөз-хатшысы:

- Брюссельде орналасқан медиа-пул жұмысымен танысуға бірден-бір ерекше мүмкіндік алады. Және сонымен қатар осы жыл біз енгізген бонус ретінде екінші компонент біздің жүлдегерлер сонымен қатар маусым айының аяғында Қырғызстанда өтетін еуропалық Одақ Орталық Азия кезекті бас қосуына ресми БАҚ құралы ретінде қатысуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы