379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының шаруалары: Елорданы Елбасының есімімен атау – тарихи әділ баға

  • 131
  • UPD: 15:19, 29.03.2019
Қарағанды облысының шаруалары: Елорданы Елбасының есімімен атау – тарихи әділ баға

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Шахтер ауылындағы еңбекші қауым елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін өте орынды шешім деп санайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Астана – сөзсіз Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы. Сондықтан Еуразия кіндігіндегі әсем шаһарды Елбасының есімімен атау – тарихи әділ баға», – дейді шаруалар. Тұңғыш Президентіміз елдегі аграрлық саланың дамуына үлкен еңбек жасады, қаншама өміршең бағдарламалар жүзеге асты. Соның арқасында қырдағы тірлік жан-жақты түледі. Көппен бірге Шахтер ауылы да гүлденіп келеді. Мұндағы шаруашылық 36 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл мен картоп егеді. Еліміз бойынша ауыл шаруашылығына сандық технологияны енгізген алғашқы ұжымдардың бірі. Қазір мұнда 200-ден астам адам еңбек етеді.

Дидар Ақышев, механизатор:

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді осы дәрежеге дейін көтеріп, дамытты. Міне, ауылда тұрып жатырмыз. Жастарға жұмыс бар. Үнемі қолдау көрсетеді. Сол кісінің арқасы. Енді Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертіп жатыр, біз қолдаймыз.Ол кісінің еңбегі зор.

Хабар 24 телеарнасы