379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ БА-да денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесі талқыланады

  • 136
  • UPD: 15:18, 29.03.2019
БҰҰ БА-да денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесі талқыланады

Биыл күзде БҰҰ Бас ассамблеясында өтетін форумда талқыланатын басты тақырыптар денсаулық сақтау саласын қаржыландыру және барша халықты медициналық қызметтер қамту болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ алғашқы медицина-санитарлық көмекке ерекше көңіл бөлінеді. Еске салып кетсек, өткен жылы елордамызда өткен алғашқы медициналық көмек бойынша жаһандық конференцияда тарихи декларация қабылданған болатын. Бұл – жаһандық деңгейде адамдардың денсаулығын нығайтуға арналған бағдарламалық құжат. Қазақстан науқастарды емдеуде дәстүрлі тәсілдерден әрбір адамның дара ерекшеліктерін ескеретін әдіске көшуді ұсынып отыр.

Талғат Нұрғожин, С.Асфендияров атындағы КАЗҰМУ ректоры:

- Медицина мамандығын таңдайтын жастардың көбеюіне байланысты айтқым келеді, біздің болашағымыз осы жастардың қолында. Сондықтан біздің артымызда сенімді тірегіміз бар деп есептеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы