376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жол сапасы сын көтермейді

  • 181
  • UPD: 15:16, 29.03.2019

Көктем шыға автокөлік жолдары да сыр бере бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Тіпті кейбір ірі қалалардағы орталық көшелерде ойықтар мен қазан шұңқырлар пайда бола бастаған. Есесіне қара жолдарды қалпына келтіруге бөлінетін қаржы да жыл санап артып келеді екен. Мәселен, осы жылы Өскемен қаласы бойынша 8 шақырымнан астам жолды жөндеуге, 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінді.

Қар кеткен соң қара жолдардағы дәл қазіргі жағдай. Бірақ жыл сайын күн жылына жөндеу де басталады. Өскеменде былтыр 25 шақырымнан астам жол орташа жөндеуден өткен. Ол үшін 60 миллионнан астам теңге бөлінген. Бірақ кейбір көшелердің асфальті қармен бірге қайта еріп жатыр.

Бақытбек Мейрамов, қала тұрғыны:

- Жылда жөндейді. Шетіне бір нәрсе жапсырады да кетеді. Болды. Ананы дұрыстап ойып, опырып алып тастап, қайтадан жаңалып отырып салса, мынадай болмас еді.

Рымхан Боранқұлов, көлік жүргізушісі:

- Былтырғы асфальттардың, ауладағы асфальттардың тастары шығып жатыр. Сонда оның сапасының жоқтығы ғой. 1-2 көлік өткеннен кейін қарасаңыз, шұңқыр-шұңқыр. Тастары еріп, далаға шығып жатыр.

Тастары далға шықпас үшін жол жөндеуде соңғы жылдары қиыршық тасты мастикалық асфальт төселе бастады. Ең негізгісі – жобалауда қарапайым қағиданы сақтау.

Өнертапқыш-ғалым Нұрлан Нұғыманов жол құрылысы саласын бес саусағындай біледі. Қазір жаңадан салынған немесе түрлі дәрежеде жөндеуден өткен жолдың көбісі жыл уағына жетпей таз қалпына түсіуін технологияның дұрыс сақталмауымен байланыстырады.

Нұрлан Нұғыманов, ғалым-өнертапқыш:

- Әрбір мемлекет жолды салу және жөндеуде өзінің табиғи жағдайына байланысты жобалайды. Бұл бір. Екіншіден, сол жолдағы көліктің нөпірін де ескеру керек. Осы қағидаға орай жолдың қалыңдығы 5-тен 7 қабат болуы керек деген ұғым дұрыс емес. Сондықтан ең негізгі мәселе, жол салынатын аймақтың ауа райына байланысты технология қолдану керек. Материал нашар болса, әрине, ұзаққа бармайды.

Жобалау кезінде қателік кетсе, ол жол салынған соң сапасына да әсер етеді. Өткен жылы сондай жобасы дұрыс жасалмаған жол құрылысы тоқтатылды.

Өскеменнің шетіндегі бұл айналма жолды кеңейту жобасы 2 жыл бұрын басталған. Тіпті ескі жолдың екі жағына қиыршық тас та төгілген. Бірақ жолды жобалауда техникалық қателекітер кеткендіктер басталған жұмыс аяқсыз қалды. Енді қайтадан қашан басталатын ешкім нақты айта алмайды. Ал ескі жолдың қазір құр сүрлеуі қалаған. Шұрық тесік..

Жыл сайын жолды жөндеуге бөлінетін қаржы да еселеп артып келеді. Соған сәйкес енді мердігерлерге қойылатын басты талап – технология мен сапа.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Негізгі міндеттер жолдардың өзінің арнайы мерзімі бар. Кепілдік. Сол кепілдік кезінде бұзылса, мердігер қайтадан жөндеу жүргізуі керек болады.

Жалпы, биыл облыс бойынша 437 шақырым автокөлік жолдары жөнделеді. Ол үшін әр түрлі бюджет көзінен 76 миллиардтан астам теңге бөлінді. Тендерден жеңген компаниялар көліктерін майлап, құралдарын сайлап, күннің жылынуын ғана күтіп отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы