378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда көп балалы аналар 1 сәуірден бастап қоғамдық көлікте тегін қатынайды

  • 488
  • UPD: 15:14, 29.03.2019

Ол үшін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне құжат тапсырып, жол жүру билетін алуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал балаларына жазғы лагерьлерге жолдама беріледі. Сондай-ақ ыстық тамақпен, мектеп формасымен қамтамасыз етіледі. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында әлеуметтік карта жасалып, көп балалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сәйкесінше осы бағдарлама бойынша жолаушы тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың шығынын жабуға жергілікті бюджеттен 200 млн теңге қаралды. Алматы облысында төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 40 мыңға жуық отбасы бар.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Ол әлеуметтік карта қазірдің өзінде жұмысын бастап кетті. Жуырда өткен мәслихат сессиясында осы жобаны жүзеге асыру бойынша барлық қаражаттар бөлінді. Бірінші кезекте көп балалы аналардың денсаулығын түзету, екінші кезекте, қоғамдық көлікте тегін қатынау, сонымен қатар білім гранттары 50 көп балалы отбасына, 50 тұрмысы төмен отбасының балаларына арналған.

Хабар 24 телеарнасы