377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында теміржол саласында заң бұзушылықтар жиілеген

  • 126
  • UPD: 15:14, 29.03.2019
Қостанай облысында теміржол саласында заң бұзушылықтар жиілеген

Қостанай облысында теміржол саласындағы қызмет түрлерінің сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өкілдерінің тексерісі осы салада бірқатар кемшілікті анықтады. Жүк және жолаушылар тасымалында пара беру, жасанды түрде билеттердің тапшылығын тудыру сияқты фактілер жиілеген. Енді мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмас үшін арнайы «Жол картасы» әзірленеді. Оған сәйкес барлық теміржол қызметтерін автоматтандыру көзделген. «Осылайша ашықтық қағидаты орнатылып, жемқорлықпен күрестің тиімділігі артады», – дейді мамандар.  

Салауат Мүксімов, ҚР МҚІСЖҚІА өңірлік басшысы:

- Теміржол саласы монополиялы түрде атқарылған соң, ешкімнің осы нарыққа кіруге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан жемқорлыққа әбден жол ашылған. Қолдан жасалған тапшылық туындайды. Ол – ортадағы делдалдардың жасаған ісі. Сондықтан біздің қазіргі екіжақты ойластырып отырған мәселеміз – билеттерді сату жүйесін толығымен автоматтандыру. Делдалдардың заңсыз әрекеттеріне мүлдем жол бермеу.

Хабар 24 телеарнасы