379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҰУ-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

  • 125
  • UPD: 15:14, 29.03.2019
ЕҰУ-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Заманауи жоғары оқу орындары жастарға сапалы білім берумен қатар соған сәйкес жұмыс та тауып беруі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте Еуразия ұлттық университеті жыл сайын арнайы жәрмеңке өткізеді. Биылғы шараға 150-ден аса компания өкілі келіп, нарықтағы барлық сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Яғни университет түлектері қолдарына диплом алысымен осы компанияларда қызмет ете алады. Биыл бұл білім ордасын 4570 студент аяқтайды. Олардың 80-90 пайызы жұмысқа орналаса алады деп күтіліп отыр.

Баубек Сомжүрек, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

- Жыл сайын біздің студенттер 85-90 процент жұмыс тауып жатады немесе магистратураға ары қарай оқуын жалғастырып жатады. Бұл үлкен көсеткіш және ЕҰУ осы көрсеткіш бойынша тек Қазақстанда емес, Орталық Азияда көшбасшы университеттердің бірі болып саналады. Осы көрсеткіш бойынша нәтижелер өте жақсы.

Хабар 24 телеарнасы