389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады

  • 901
  • UPD: 15:52, 29.03.2019
Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады Новый Вестник

1 сәуірден бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы 500 мыңнан астам адамды егу жоспарланған. Олардың қатарында 9 айға толған балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын егілген азаматтар, сондай-ақ медицина қызметкерлері бар. «Бұл шаралар қызылша дертіне шалдығу деректерінің көбеюіне байланысты жүзеге асырылмақ», – дейді Жандарбек Бекшин. Статистикалық мәліметтер бойынша елімізде жыл басынан бері 4670 адам инфекция жұқтырған. Олардың 70 пайызы – балалар. Қосымша иммундауға арналған вакцина Үндістан компаниясынан сатып алынған және оның сапасына Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы кепілдік беріп отыр.

Жандарбек Бекшин, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Қызылша ауруы еліміздің бірқатар өңірінде тіркеліп жатыр. Ал 5 өңірде өршу түрінде сипаттауға болады. Нұр-Сұлтан қаласында 1342 жағдай тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы