376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда халық санағын жүргізуге қанша қаржы керек?

  • 191
  • UPD: 14:51, 29.03.2019
Қазақстанда халық санағын жүргізуге қанша қаржы керек? Ақиқат журналы

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов халық санағына қанша қаржы жұмсалатынын айтып берді.

Н.Айдапкелов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып, халық санағын өткізу мерзімі әзірге нақтыланып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«2020 жылы қыста немесе күзде өтуі мүмкін. Бізде дайындық және ұйымдастыру шараларына қатысты мәселелер болды, сондықтан оны 2020 жылға ауыстырдық (2019 жылдан)», - деді ол.

Сонымен қатар комитет төрағасы санақ кезінде қағаз жұмыстарына шектеу қойылатынын атап өтті.

«Мәліметтерді қағазға түсіруден толықтай бас тартамыз, яғни барлығы планшеттермен жүргізіледі. Оған қоса, баламалы тәсілмен тұрғындарға санаққа өздерінің қатысуына мүмкіндік береміз, осы орайда мамандандырылған сайт әзірленді. Адамдар сайтқа кіріп, өзінің мәліметтерін енгізе алады. Алайда интервьюер әрбір адамға барады. Бұл тұрғыда азаматтарға санақтан өткендігі туралы SMS жіберіледі», - деді Н. Айдапкелов.

Оның атап өтуінше, санақты жүргізудің электронды тәсілі елеулі қаржы сомасын үнемдеуге мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, халық санағын жүргізуге шамамен 9 млрд теңге жұмсалуы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы