376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 13 аула учаскесін су басты

  • 137
  • UPD: 15:11, 29.03.2019
ШҚО-да 13 аула учаскесін су басты

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданындағы 2 үйге су кіріп, 13 аула учаскесіне жайылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпан айында ғана алдын алу жұмыстары қолға алынып, Куликов өзені бойында орналасқан үйлердің сыртынан инертті материал төселген. Соған қарамастан су жер астынан шығып, аулаларға таралып жатыр. Мамандар су басқан екі үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Бесқарағай ауданы құтқарушыларына Семей қаласынан қосымша жасақ көмекке келді. «Осы уақытқа дейін 30 000-ға жуық текше метр су сорылды. Бұл ретте 8 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Жер асты суларын ауыл сыртына жіберу үшін  арнайы арықтар қазылуда», – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Александр Ломыгин.

Хабар 24 телеарнасы