379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы апатқа электр жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін

  • 233
  • UPD: 16:06, 29.03.2019

Авиация ардагері Таньяр Шарипов осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отставкадағы полковник ұшқыштардың кәсіби дайындағанына күмән келтірмейді. Айтуынша, Ми-8 тікұшағы ең сенімді әуе көліктері қатарына жатады. Әрбір ұшу алдында техника жіті тексеріліп, арнайы құжаттар рәсімделеді.

Таньяр Шарипов, отставкадағы полковник:

- Авиациялық техникадан ақау шыққан деп ойлаймын. Қорғаныс министрлігі бұл тікұшақты 2014 жылы күрделі жөндеуден өткізген. Ол 2022 жылға дейін бұзылмауы тиіс еді. Әуе көлігі қандай да ауа райына дес беруі керек. Сондықтан апатқа қолайсыз күн райы әсер етті деу қиын. Әрі ұшқыштардың да дайындығы күшті болатын. Олар 5-10 минуттық аралықпен ұшып отырды. Қалған үш тікұшақ межелі жерге аман-есен жетті.

Хабар 24 телеарнасы