377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы ауданда 243 отбасы әлеуметтік көмек алады

  • 139
  • UPD: 15:10, 29.03.2019
Қарағанды облысындағы ауданда 243 отбасы әлеуметтік көмек алады

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында атаулы әлеуметтік көмекті қазір 90 отбасы алатын болса, 1 сәуірден бастап 243 жанұяға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Елбасының тапсырмасына сәйкес, көп балалы аналарға берілетін көмек қаржының шарттары өзгеріп, көптеген кедергілер жойылды. Енді Алтын және Күміс алқаға, мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы, шәкіртақы отбасының кірісі болып есептелмейді. Бұған қоса кәсіп ашамын деген аналарға 500 мың теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар және 6 пайыздық жеңілдікпен несие берілмек. Қазіргі таңда оны алуға аудан бойынша 15 ана өтініш берген.

Айта кету керек, қазір Қарқаралы ауданында 1600-ден астам көп балалы ана бар. 

Қанат Бабайбеков, Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы:

- Осы жұмысты жеңілдету және жан-жақты ақпараттандыру мақсатында барлық ауылдарда, қала басында «е-халық» ақпараттық жүйесі енгізіліп отыр. Қазір оған 211 отбасы тіркелді. Бұл дегеніңіз, адамдар енді 13-15 құжат жинамай, тек қана жеке бас куәлігімен келеді. Сол база арқылы бүкіл құжаттарын анықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы