379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

  • 364
  • UPD: 15:24, 29.03.2019
Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Синоптиктер 30 наурыз - 1 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен ауа температурасының тез жоғарылауы күтіледі. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр және найзағай ғана емес, сонымен қатар, қысқа уақытқа болса да, жылы жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - деді «Қазгидромет» өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы