377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


iPhone XI смартфонының дизайны көрсетілді

  • 255
  • UPD: 17:25, 29.03.2019
iPhone XI смартфонының дизайны көрсетілді politeka.net

Желіде iPhone смартфонының жаңа моделінің суреті жарияланды.

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, жаңа модель iPhone XI деп аталады.

Жарияланған суретте смартфонның пішіні iPhone X пен Xs-ке ұқсас болатыны байқалады. Басты ерекшелігі - онда үш модуль болады. Басылымның мәліметінше, жаңа гаджеттің камерасы Huawei P30 бен Samsung Galaxy S1 смартфондарының камерасына ұқсас болып келеді.

Сондай-ақ, iPhone XI моделінде жаңа функция пайда болатыны айтылады. Осылайша, смартфон Qi көмегімен басқа да аксессуарларды қуаттай алады. Сарапшылардың болжамына қарағанда, Apple өкілдері жаңа модельге iPad Pro-дағыдай USB-C жалғағышын орнатады.

Жаңа смартфон 2019 жылдың күзінде таныстырылады.

Мұның алдында иілетін iPhone смартфондарының сызбалары пайда болған еді.

Хабар 24 телеарнасы