379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы «Мәңгілік ел» қақпасы күрделі жөндеуден өтеді

  • 328
Елордадағы «Мәңгілік ел» қақпасы күрделі жөндеуден өтеді

Елордадағы «Мәңгілік ел» қақпасын жөндеуге шамамен 600 млн теңгеден астам қаржы керек.

Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді. Архитектуралық құрылым сапасыз салынған. Депутаттар бұл мәселені тез арада шешу керектігін атап өтті. Құрылыс кезінде қақпаның жолға жанасқан тұсы дұрыс есептелмеген. Сондай-ақ оның айналасындағы жол жабындыларының сапасыздығынан жер асты өткелдеріне ағын су жиналады. «Мәңгілік ел» қақпасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 2011 жылы салынған. 2015-2016 жылдары ондағы музейге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Нұрлан Нұркенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

– Қақпаның кей бөлігінде жер асты өткелін салу кезінде құрылыс жұмыстары сапасыз жүргізілген. Жыл сайын өткізілетін жөндеулер кемшіліктерді толық жоюға мүмкіндік бермейді. Біз бұл проблемаларды жаз маусымына дейін шешеміз деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы