379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық жаппай қырылды

  • 144
Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балық жаппай қырылды

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданында балық жаппай қырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойыл өзеніндегі мұздың түсуінен мыңдаған ақтабан, қызылқанат, шортан, алабұға және сазанның өлекселері жағалауға шығып қалған. Ойыл өзені Ақтөбе облысынан бастау алады. Бірақ оның былтыр желтоқсанда балық жаппай қырылған Жайық өзенімен еш қатысы жоқ. Болжам бойынша балық қыс мезгілінде оттегінің тапшылығынан өлген.

Нариман Жүнісов, ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы орынбасарының м.а:

– Балықтардың қырылу себебін анықтау үшін арнайы комиссия жолға шықты. Су, топырақ, өлген балықтың сынамалары алынады. Мемлекеттік органдар тергеу жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы