379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қаламқас» кен орнындағы өртенген ұңғыма жойылуы мүмкін

  • 137
«Қаламқас» кен орнындағы өртенген ұңғыма жойылуы мүмкін

Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында өртенген ұңғыма жойылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Қазмұнайгаз» компаниясының басшылары мәлімдеді. Қазір арнайы комиссия құрылды, ұңғыманың жойылу, жойылмауын сол шешеді. Әлі толық қазылып бітпеген ұңғымадан енді қара алтын да өндірілмеуі мүмкін. Болашақта ол зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолданылмақ. Мамандар өрттің әзер сөндірілгенін айтып отыр. Қазір тапсырысты орындаушы «Су-бу» компаниясы өрт шалған және су мен газ қоспасынан ластанған аумақты қалпына келтіруге кірісіп кетті. Ал қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі мен өрттің шығу себебі бір ай шамасында белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы