377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық құтқарушылар жұқа мұзға байланысты тұрғындарға ескерту жасады

  • 126
  • UPD: 18:48, 29.03.2019
Қостанайлық құтқарушылар жұқа мұзға байланысты тұрғындарға ескерту жасады

Қостанайлық құтқарушылар балықшыларға өзен-көлдердегі жұқа мұздың үстімен жүру қауіпті екенін ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл ескертуді елемегендері шамалы. Осы көктемде Торғай өзеніндегі мұз жарылып, балықшылардың көлігі су астына кеткен еді. Адамдар аман қалған. Бірақ «сақтансаң сақтайды» дегенді қаперге салған мамандар балық аулайтын кезде құтқару жилеттерін киіп алуға кеңес берді. Өйткені өзендегі мұздың қалыңдығы – небәрі 15 сантиметр. 

Тастемір Қосқұлақов, қалалық ТЖД басқармасының аға инженері:

– Біз ескерту жасаумен шектелеміз. Балықшылардың сөзінше, мұз қалың. Бірақ олар қауіптің деңгейін бағаламайды. Құтқару құралдарынсыз жүреді. Өз өмірлерін өлімге тігеді. Жұқа мұз адам салмағына шыдамай, кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы