Атырау облысындағы балықтың жаппай қырылу дерегі Ақтөбеде қайталанбауы тиіс.
Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясының өкілдері мәлімдеді. Екі аймақты басып өтетін бірнеше өзен-көлдің болуына қарамастан, мамандар жергілікті ауа райында ерекшелік бар деседі. Қазір облыстағы барлық су қоймалары инспекторлардың жіті бақылауында.
Нұрболат Дүйсенов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы:
– Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы инспекциясымен облыстың су айдандарында бақылау жүргізілуде. Қазіргі таңда ешқандай балық өлу дерегі анықталған жоқ. Су айдындарының көп бөлігінде қазір мұз тұр.