377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда өтіп жатқан RoboLand-2019 фестиваліне 300-ден астам команда қатысуда

  • 112
  • UPD: 20:47, 29.03.2019
Қарағандыда өтіп жатқан RoboLand-2019 фестиваліне 300-ден астам команда қатысуда

Қарағандыда бесінші мәрте RoboLand-2019 халықаралық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роботты техникалар байқауына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Италиядан келген 300-ден астам команда қатысты. Биылғы фестивальдің форматы өзгерген. Қатысушылар 13 санат бойынша сынға түседі. Сондай-ақ алғаш рет биоинженерлік жобалар байқауға шығарылып отыр. Жарыста тәуелсіз кәсіби алқа төрешілік етеді. Ал қорытындысы электронды әдіспен шығарылады. Жалпы Қарағанды өңірінде балаларға арналған 4 технопарк құрылған. Биыл тағы төртеуін іске қосу жоспарланып отыр. Сәуір айында қарағандылық өрендер роботты техникадан АҚШ-та өтетін әлемдік біріншілікке қатысатын болады.

Сальваторе Кавалло, техникалық лицейдің оқытушысы /Италия/

– Kомандамызда 6 оқушы бар. Біздің жоба мүмкіндігі шектеулі адамға көмекші әрі дос бола алатын роботты жасауға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы