379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев университетінде оқитын өзге ұлт өкілдері Наурыз мерекесін қалай атап өтті?

  • 125
  • UPD: 20:52, 29.03.2019
Назарбаев университетінде оқитын өзге ұлт өкілдері Наурыз мерекесін қалай атап өтті?

Ұлық мереке – Наурыз жалғасып жатыр. Назарбаев университетінің студенттері бүгінгі мерекеде ұлттық аспаптардың демеуімен ән шырқап, би биледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің әр бұрышынан келіп, осында білім алып жатқан шетелдік студенттер жәрмеңкеде меймандарды өз мәдениетімен және ұлттық тағамдарымен таныстырды. Спорттық шаралар мен байқаулар ұйымдастырылды. Ал қолөнер шеберлері шағын этноауылдағы көрмеде өз туындыларын жұрт назарына ұсынды. Айта кетейік, Назарбаев университетінде әлемнің 17 елінен келген студенттер білім алады. 

Сандра Реал, Назарбаев Университетінің 2-КУРС магистранты:

– Наурыз құтты болсын. Мен мексикалықпын. Америкадан, Африкадан, Әзербайжаннан, Қытайдан студенттер бар. Мексикада Наурызға ұқсас «Семана Санта» мерекесі өтеді.

Хабар 24 телеарнасы