379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімі өтті

  • 174
  • UPD: 23:14, 29.03.2019

Маңғыстау облысындағы №30153 әскери бөлімінде тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті.

Әскери базада мемориалдық бұрыш ұйымдастырылған. Марқұмдардың достары мен әріптестері осында суреттер әкеліп, гүл қойып жатыр. 13 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғаның себептері тексеріс жұмыстары толық аяқталғанан кейін белгілі болады. Оқиғаның мән-жайын қазір арнайы комиссия зерттеп жатыр.

Жәнібек Жұмашев, №30153 әскери бөлім командирі:

– Қара жәшікті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Табылғаннан кейін апатқа себеп болған жағдайлар анықталады. Қасында болған экипаж, инженерлік техникалық құрамға психологиялық көмектер көрсетіліп жатыр.

Жамбыл Өтебаев, №30153 әскери бөлімі авиация командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары:

– Авиациялық апатта біздің Роман Костров Петрович және Айтбаев Аслан бастаған әскерилер қаза тапты. Роман Петрович өз ісінің хас шебері болатын. Ол әрқашан ұшқанды жақсы көретін еді. Ол қанша жастарды ұшуға үйретті.

Хабар 24 телеарнасы