379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы үш өзенде су деңгейі көтерілді

  • 165
Қарағанды облысындағы үш өзенде су деңгейі көтерілді

Қарағанды облысындағы үш өзеннің суы қауіпті деңгейге жетті.

Олар – Сарысу, Жаман-Сарысу және Шерубай-Нұра. Бірақ төтенше жағдайлар қызметкерлері жағаға жақын орналасқан елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Қазір мамандар Жаңаарқа мен Шет аудандарын қатаң бақылауға алған. Жаңаарқа ауданының бірнеше ауылына су кірген. Ал Шет ауданында қарғын су «Ақшатау-Қызылорда-Павлодар» республикалық тас жолына жайылды. Ондағы көлік қозғалысы тоқтатылып, жүргізушілер айналма жолмен қатынап жүр. Қазір облыстағы қоймалардан жіберілетін су мөлшері ұлғайтылды. 

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Атасу ауылында судың беті қайтты, кеше үйлерінен қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар баспаналарына қайтып оралды. Көктенкөл станциясындағы екі үйдің тұрғындары уақытша туыстарын паналап отыр. Қазір бір үйде 10 сантиметр су қалса, ал екіншісінде мүлдем жоқ. Алдағы күндері күн жылынады. Су тасқынына қатысты жағдай қатаң бақылауда. Қиындық болмайды деп сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы