377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде әлеуметтік жәрдемақы алуға құжат қабылдайтын пункттер жұмысын бастады

  • 156
  • UPD: 10:56, 30.03.2019
Ақтөбеде әлеуметтік жәрдемақы алуға құжат қабылдайтын пункттер жұмысын бастады

Ақтөбеде әлеуметтік жәрдемақы алатын отбасылардың құжатын қабылдайтын 162 пункт жұмысын бастады.

Жалпы облыс бойынша арнайы жәрдемақы алатындардың қатары көбейеді. Былтыр аз қамтылған отбасы ретінде 20 мың адам тіркелсе, биыл 29 мың тұрғын мемлекеттен көмек алатын болды. Одан бөлек, қазір тұрмысы нашар және көп баласы бар отбасыларының жеке әлеуметтік картасы жасалып жатыр. Құжатта отбасы мүшелерінің не нәрсеге мұқтаж екені көрсетіледі. Ал, мемлекеттік органдар сол карта бойынша жұмыс істейді. Айта кетейік, Ақтөбеде көп балалы отбасыларына балабақшаға баруға 70 пайыз жеңілдік жасалды.

Қайрат Отаров, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы:

- Біз қазіргі кезде олардың құжаттарын ауылдық жерде селолық округтердің әкімдігінде қабылдаймыз деп отырмыз. Ауданның басында жұмыспен қамту орталықтарының ғимараттарында қабылдаймыз. Ақтөбе қаласында 7 орында қабылдаймыз деп отырмыз. ол халықтық кеңсе, жұмыспен қамту орталығының ғимараты, Алматы және Астана аудандары әкімдігінің ғимараттары. Сонымен қатар,Қурайлы және Сазды округтерінің әкімшілік ғимараттарында осы құжаттарды қабылдаймыз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы