379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада зиялы қауым өкілдері арасында бильярд турнирі басталды

  • 140
  • UPD: 15:37, 30.03.2019

Елордада журналист, ақын, жазушы, алаштанушылар арасында бильярдтан дәстүрлі турнир басталды.

Сайысты «Ақжол» демократиялық партиясы ұйымдастырды. Саяси ұйым өкілдері қазір Алаш қозғалысына қатысты дүниелерді жаңғыртып жүр. Тың деректерді жинақтауды қолға алған. Биылғы жарыс та Алаш арыстарын еске алуға арналып отыр. 10 команда қатысып жатқан турнир бір күн бойы өтеді.

Азат Перуашев, «Ақжол» партиясының Төрағасы, Мәжіліс депутаты:

- Біз бұл жұмысты, яғни Алаштың мұрасын зерттеу, насихатату сынды жұмыстарды үнемі жүргізіп отырмыз.  Жас ғалымдар арасында байқау өткізіп, Алаштың еңбектерін шығаруға да үлес қосып отырмыз. Бұл жарыс та сол жұмыстардың бір оқиғасы десек болады. Алаштанушыларды шақырдық. Олар да жарыс барысында өз білімімен бөліседі.

Хабар 24 телеарнасы