378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде апаттан қаза тапқан жауынгерлер мүрдесі туыстарына жіберілді

  • 186
  • UPD: 23:13, 30.03.2019

Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан қаза болған жауынгерлердің мүрдесі өз туыстарына жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отан қорғау қызметінде құрбан болғандарды туған жеріне шығарып салуға жиналған сырбойылықтардың қарасы қалың болды. 1 минуттық үнсіздікпен басталған митингте көз жұмған сарбаз-сардарлардың әскери болмысы, еңбегі, жанқиярлығы әспеттелді. Шарада сөз алған қорғаныс министрі ұлан байтақ жерін қызғыштай қору әрбір қазақстандықтың міндеті екендігін атап өтті. Бейбітсүйгіш қазақ елінің аспанын мамыражай күйде ұстау жолында өз өмірлерін қиған әскерилер ел есінде мәңгі қалмақ. «Әскери қызмет және әскери қызметші мәртебесі» туралы заңда көрсетілгендей қаза тапқан жауынгерлердің 5 жылдық жалақысы олардың отбасына беріледі. Сондай-ақ жеке баспанасы болмаған жағдайда, үй алу үшін бірреттік төлемақы төленеді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР қорғаныс министрі:

- Қаза тапқандардың отбасыларына, бала-шағасына заң бойынша тиесілі әлеуметтік кепілдіктерді, төлемдерді қамтамасыз етіп басқа да түрлі көмек көрсетілетін болады. Ерекше айтайын дегенім, бұл көмек біржолғы болмауы керек. Біз жауынгерлердің туған жеріндегі әскери гарнизондар басшыларына олардың отбасыларын, бала-шағасын қамқорлыққа алып, олардың өсуіне, тәрбиеленуіне белсенді атсалысып, барлық көмек көрсетуді тапсырамыз. Қаза тапқан әскери қызметшілерді мәңгі есте сақтау үшін мемориал тұрғызу жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы