376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының Қызылқой ауылын су басуы мүмкін

  • 162
  • UPD: 23:13, 30.03.2019

Өйткені Шет ауданында Қызылқой өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, арнасынан аса бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазірдің өзінде 9 аула учаскесіне су кірді», – дейді мамандар. Құтқарушылар Қызылқой өзенінің бойын инертті материалдармен бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жолдарды су басу салдарынан Ботақара ауылынан Қарқаралы қаласына дейінгі Қарағанды-Аягөз-Бұғаз республикалық тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Жанна Дәуренбекова,облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Шет ауданындағы Қызылқой өзеніндегі судың көтерілуі салдарынан арнадан су құйылды. Қазіргі уақытта су басқан үйлер жоқ. 9 тұрғын үйден 16 адам эвакуацияланды. Елді мекенде жергілікті атқару органдары және төтенше жағдай қызметтері жұмылдырылуда.

Хабар 24 телеарнасы