379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде аралас жарақаттарды емдеу жолдары талқыланды

  • 209
  • UPD: 23:13, 30.03.2019
Семейде аралас жарақаттарды емдеу жолдары талқыланды

Өкінішке қарай, еліміз ТМД кеңістігінде жол апатынан көз жұматындар көрсеткіші бойынша алда келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы деректер 100 мың халыққа шаққанда 11 адамнан келетінін көрсетіп отыр. Осы өзекті мәселені талқылау үшін Семей мемлекеттік медициналық университетіне өз елімізбен қатар Ресей, Германия, Түркиядан жоғары білікті дәрігерлер жиналды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда шетелдік ғалымдар аралас жарақаттарды емдеудің озық тәсілдерімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізді. Бұл әсіресе осыдан 2 жыл бұрын Семей медициналық университетінде ашылған шұғыл медицина дәрігері мамандығын игеріп жатқан студенттер үшін пайдалы болды. Интервенциялық рентген хирургиясы, гибридтік операциялар жасаудың ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Исмаил Дженгиз, Башкент университеті ортопедиялық хирургия кафедрасының меңгерушісі /Түркия/:

- Осындай халықаралық басқосулардың маңызы ерекше. Әсіресе Түркия, Ресей, Германия, Қазақстан елдеріндегі жарақаттарды емдеу тәсілдерін салыстырып, талқылау арқылы медицина мамандары да біліктіліктерін шыңдайды. Біздің елде жол апаттарынан зардап шеккендерді құтқаруға бағытталған арнайы бригадалар жұмыс істейді, солардың қолданып жатқан озық технологиялары туралы да кеңінен әңгімеледік.

Ерсін Жүнісов, Семей мемлекеттік медициналық университетінің ректоры:

- Осындай халықаралық конференцияларда, үлкен халықаралық ғалымдармен жаңа бағыттарды талдай отырып, қай мемлекеттерде ең жақсы технологиялар бар, соларды қарастыра отырып, оларды енгізе отырып жол апатынан болып жатқан өлім мен мүгедектік санын төмендетуге мүмкіндік бар. Ең негізгі мақсат – біздің болашақ дәрігерлерді сапалы дайындап шығаруда осы жаңа технологияларды олардың игере білуі.

Хабар 24 телеарнасы