379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде қаралы митинг өтті

  • 193
  • UPD: 23:15, 30.03.2019

Ми-8 тікұшағының апаты кезінде қаза тапқан екі ақтөбелік азаматтың мүрделері туған жеріне жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери ұшақ арнайы базаға қонғаннан кейін, сол жерде қаралы митинг өтті. Үзеңгілес әріптестерін соңғы сапарға шығарып салуға әуе қорғаныс күштері институтының қызметкерлері түгел жиналды. Сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі департамет өкілдері, әскери бөлімше сарбаздары мен облыс басшылығы қатысты. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында құлаған тікұшақта Ақтөбе облысының тумасы майор Данияр Қоңырбай мен ефрейтор Өмірхан Қауқаев та болған еді. Олар Ақтау қаласындағы әскери бөлімшеде қызмет етіп жүрген.  Марқұмдардың мәйіттері өздерінің туған ауылдарында жерленеді. Облыс билігі әр отбасына 1 млн теңгеден материалдық көмек көрсететін болды. Данияр Қоңырбайдың артында 3 баласы қалса, Өмірхан Қауқаев 1 бала тәрбиелеп отырған.

Серік Сарабозов, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері  институты бастығының орынбасары:

- Мәңгілік біздің есімізде қалады. Әрине, бұл күн бізге өте ауыр. Отбасыларына өте ауыр тиіп жатыр. Қорғаныс министрлігі жағынан және біздің жоғарғы басшылығымыз тарапынан отбасыларына көмек көрсетілуде. Барлық қарулы күштері әскерилері көмек беріп жатыр. Барлық жан-жақтан, әуе қорғаныс күштері, құрлық деп бөлініп жатқан жоқпыз, барлығы жұмылып көмек атқаруда.

Хабар 24 телеарнасы