384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апаты: экипаж командирінің мәйіті туған жеріне жеткізілді

  • 623
  • UPD: 23:15, 30.03.2019

Қызылорда облысында болған апатта қаза тапқан Роман Костыговтың денесі де бүгін Павлодарға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы рейсті әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Карбенов бастап келді. Авиация майоры Роман Костыгов Павлодар облысының Ертіс ауданы Панфилов ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Ақтөбе жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітіріпті. Әуе қорғаныс күштерінде 12 жыл қызмет атқарған ол  Ми-8 тікұшақтарын тізгіндеген екен. Ақтау қаласына осыдан бір ай бұрын ғана әуе эскадрильясы командирінің орынбасары қызметіне ауыстырылыпты. Қайтыс болған ұшқыш небәрі 33 жаста болған. Соңында баласы мен әйелі қалды. Роман Костыгов өзінің туған жері Ертіс ауданында жерленеді.

Хабар 24 телеарнасы