378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жер сағаты»: елордадағы алып ғимараттардың сыртқы шамдары өшірілді

  • 230
  • UPD: 23:30, 30.03.2019

Елорда мен өңірлерде «Жер сағаты» халықаралық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешкі 20:30 бен 21:00 аралығында алып ғимараттардың сыртқы шамдары өшірілді. Экологиялық және жасыл экономикаға негізделген бірнеше ұйым өкілдері бірлесіп өткізген шара арқылы жер жүзі бойынша қолға алынған бастамаға қолдау көрсетілді. Ұйымдастырушылар табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарап, электр энергиясын ысырапсыз пайдалануға шақырды. Акцияға әлемдегі 175 мемлекет үн қосты. Соның ішінде жалпы саны 7 мың шаһардың тұрғындары қоршаған ортаға деген өз жанашырлығын аңғартты.

Асхат Сүлейменов, Жасыл экономиканы қолдау және G-GLOBAL-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры:

- Қазақстан тарапынан 5-рет ұйымдастырып жатырмыз. Әкімшіліктер, үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Бір сағатқа жергілікті жерлер маңызды деген ғимараттарын сөндіреді. «Бәйтерек» сияқты, «Нұр Әлем», ЭКСПО шары бір сағатқа өшіріледі.

Хабар 24 телеарнасы