379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жалпыға бірдей кіріс-шығыс декларациясы бойынша Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

  • 146
  • UPD: 07:47, 31.03.2019
Жалпыға бірдей кіріс-шығыс декларациясы бойынша Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей кіріс-шығыс декларациясын тапсыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни еліміздің кәмелеттік жасқа толған барлық азаматы, иелігінде мүлкі бар кәмелеттік жасқа толмағандар, шеттен көшіп келген қандастар мен Қазақстанда тұруға ықтияр хаты бар және елімізде мүлкі тіркелген шетелдіктердің барлығы салық есептілігін тапсырады. Қазір Түркістан облысында осы бағытта халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Декларация тапсырудың негізі мақсаты – айналымдағы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, бюджетке түсетін салық түсімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Салық есептілігін екі жолмен тапсыруға болады. Біріншісі – салық органына барып, қағаз жүзінде, екіншісі – электрондық үкімет жүйемен. Қалай тапсырса да салық төлеушінің өз еркі. Тек қағаз жүзінде көрсететіндер 15-ші шілдеге дейін, ал электрондық жүйемен 15 қыркүйекке дейін тапсырады.

Жеңіс Талас, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

– Декларацияда нені көрсету керек? Онда барлық мүлкі көрсетілуі керек. Тұрғын үйі, басқа да ғимараттар, жер, жер үлестері, жылжымалы активтері, көлік құралдары, механикалық құралдары, құнды қағаздар, биологиялық активтері, мал, ветеринарлық құжаттары, асыл тастар, қымбат зергерлік тастар, мәдени құндылығы бар заттар болған жағдайда осының бәрі декларацияда көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы