378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде қоқыс контейнері орналасқан алаңдар жаңа талап бойынша жасалмақ

  • 111
Өскеменде қоқыс контейнері орналасқан алаңдар жаңа талап бойынша жасалмақ

Өскеменде 300-ден астам қоқыс контейнері орналасқан алаңдар енді жаңа талап бойынша жасалады.

Ол үшін қалалық бюджеттен 140 миллион теңге бөлінді. Қоқыс жәшіктеріне арналған алаңқайлар жерден кем дегенде екі метр биік орнласуы тиіс. Сондықтан әрібір контейнердің астына тұғыр ретінде цемент-блоктар құйылып, маңы қоршалады. Бұл қоқыс шашылмас үшін жасалады. Осы талаптарды орындаған мердігерлік компания ғана жөндеу жұмыстарын атқарады. Ал оның сапалы және ережеге сай атқарылуын қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашлығы бөлімінің мамандары қадағалайды.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

– Негізгі талаптар бойынша контейнерлердің биіктігі – 2 метр. Сонымен қатар алаңның архитектуралық дизайнын құртпай, эстетикалық жағдайын сақтау керек. Осы жұмыстар жақын арада басталады.

Хабар 24 телеарнасы