379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үржарлық мектеп оқушылары ерекше жоба ойлап тапты

  • 209
  • UPD: 08:56, 31.03.2019
Үржарлық мектеп оқушылары ерекше жоба ойлап тапты

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы мектеп оқушылары теңдессіз жоба ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастаманың ерекшелігі сол, мектеп кабинеттерінде орналасқан дабыл қаққыштардың көмегімен бөлмедегі көмірқышқыл газының мөлшері, температура мен жарық жайында толық ақпарат алуға болатындығында. «Білім ордасының қабырғасында IT-сынып ашылғаннан кейін жас өрендер жаңа идеяларды өмірге әкеле бастады», - дейді мектеп басшылығы. 9-10 сынып оқушылары жобаны жүзеге асыру үшін тура бір ай уақыт еңбек еткен. Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепте IT технология, модельдеу мен роботехника 3-сыныптан бастап оқытылады. Одан өзге, ата-аналардың демеуінің арқасында білім ордасында «Интелектум» кабинеті ашылды. Онда оқушылар логикалық ойлау қабілетті дамытып қана қоймай, қазақ халқының мәдени құндылықтарымен де етене танысады. 

Дидар Төлекбаев, мұғалім:

– Бір мектепте 28 кабинет болса, сол 28 кабинеттердің барлығына датчиктер орнаттық, қызметтердің барлығы бір экраннан шығып тұрады, яғни біздің мектеп директорының компютерінен көрінеді. Мектеп басшысы өзінің компютерінен қай кабинетте қандай температура, яғни қай кабинетте жарық жанып қалды немесе көмірқышқыл газдар қай кабинетте көбейіп кетті, соның барлығын бақылай алады.

Хабар 24 телеарнасы