389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилерді ақтық сапарға шығарып салды

  • 672
  • UPD: 15:09, 31.03.2019

Алматы облысындағы Енбекшіқазақ, Кербұлақ ауданы, сондай ақ Талдықорған тұрғындары тікұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Майор Тимур Құдайбердиев, ефрейторлер Мирас Жұматаев пен Айдын Әбділдинов және лейтенант Аслан Айтбаевтың денесі аймаққа арнайы борт арқылы жеткізілді. Қаралы митингке ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен Талдықорған гарнизоны әскерилері, марқұмдардың туысқандары,облыс басшылары сондай ақ қоғам өкілдері қатысты. Айта кетейік, Қызылорда облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тік ұшағында болған 13 әскеридің 8-і – Жетісу өңірінің тумалары. Ал 3-класты сержант Кайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шарипов, кіші сержант Абдулманат Асхат және ефрейтор Қуаныш Сарқытбаевтардың денесі қазір геномды экспертизада. Мамандар тиісті шаралар өткеннен кейін марқұмдар жерленетін болады деп отыр.

Бағдат Жексембаев, әскери бөлім командирі:

– Барлық қаза тапқан 13 адамның отбасыларына көңіл айтамын. Жатқан жерлері жайлы болсын! Оның арасындағы досымыз, бауырымыз Мирас ініміз өте жақсы жігіт еді.

Хабар 24 телеарнасы